📈 06.02.2025 жылы мұғалімдерге арналған “Заманауи ұстаз: білім беру сапасын арттырудағы жаңа көзқарас” жобасы жоспарына сәйкес “Функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызы” тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында функционалдық сауаттылықтың қоғамдағы және жеке тұлға өміріндегі маңызы зор екендігі атап өтілді. Бұл дағды тек оқу мен жазуды білумен шектелмей, әр түрлі ақпаратты түсініп, дұрыс шешім қабылдай алуды, күнделікті өмірде қажетті әрекеттерді тиімді орындауды талап етеді. Семинар барысында қатысушылар арасында көптеген тәжірибелермен бөлісіп, сауаттылықтың маңызды аспектілерін түсіну мен дамыту жолдары талқыланды. Біздің мақсатымыз – сауатты қоғам қалыптастыру, ол үшін әр адамның білім деңгейін көтеру керек.
📖Жобаның мақсаты: функционалдық сауаттылық пен қазіргі заманғы педагогтың рөлін байланыстыра отырып, білім беру сапасын көтеру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, ұстаздардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
#ФункционалдықСауаттылық #БілімМенДамыту #Семинар2025
