?1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу мерекелік шарасы
Жаңа жылдық кеш ?❄️
Мектебімізде ерекше қуанышқа толы мерекелік кеш өткізілді.
1-сынып оқушыларымыз алғашқы оқу кітабы — Әліппемен қоштасып, білім жолындағы маңызды бір кезеңді абыроймен аяқтады ??
Бұл – балалар үшін үлкен жетістік, ал ата-аналар мен ұстаздар үшін зор мақтаныш.
Сонымен қатар, жаңа жылдық кеш өтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады ??
Әсем безендірілген зал, балалардың өнері, шат күлкі мен шынайы қуаныш кештің сәнін келтірді ✨
Осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалары сөзсіз ?
Барша ата-аналарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз, ал бүлдіршіндерімізге алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз!
Жаңа жыл әр шаңыраққа амандық, береке мен табыс әкелсін! ?✨
