07.07 күні ақшатыр аруларымен 2 ауысымның "Балауса аруы-2019" байқауы өткізілді. Мақсаты: қазақ қыздарына тəн адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Байқау барасында аруларымыз 4 тур бойынша бақ сынасып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Байқау тартымды да, тартысты өтті. Əділ қазы алқасының шешімі бойынша өзінің инабаттылығымен, білімімен ерекше көзге түскен Ғалымжан Перизат "Балауса аруы 2019" атанды.
1-орынды Ақболат Дария қанжығасына байласа, 2-орынды Меңдіғали Данагүл мен Ағзам Кәусар және 3-орынды Нұрқуат Сандуғаш пен Бектұр Асылзада иеленді. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
#Балауса_аруы2019





