🏫 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 28 сәуір күні "Халықтар достығы — басты байлығымыз", "Достық пен татулық мекені—Қазақстан" тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
🔸Сынып сағаттар барысында еліміздегі көпұлтты халықтардың өзара татулығы мен бірлігін насихаттауға бағыттау, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысып, бейбітшілік пен достық туралы мәнді әңгімелер жүргізді. Балалар ынтымақ, достық, бірлік туралы тақпақтар айтып, суреттер салып, шағын көріністер көрсетті. Әр сынып өз шығармашылығы арқылы достық пен келісімнің маңызын жеткізді.
🔸Бірлігі жарасқан елдің болашағы – жарқын, келешегі – кемел.
Қатысқан оқушы саны: 750
#ынтымақкүні
#1мамыр

