1 желтоқсан Жетібай ауылы "№ 8 ЖББМ" КММ-де "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" өз жұмысын бастады.
🟢Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету.
🟢Міндеттері: орта білім беру ұйымымен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орталықтың іс-шара жоспары бойынша 1-4 сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау жұмысы жүргізілді.
🟢Тақырыбы: "Отбасы-бақыт бесігі". Ата-ана өмірінің басты мақсаты(бақытты адам тәрбиелеу). Тақырып бойынша жұмыс бағытын тренинг әдісі арқылы Тулегенова А жүргізді. 3 топқа бөлінген ата-аналар педагогикалық аясында өз жұмыстарын белсенді көрсетті. Қатысқаны: 8 мұғалім, 36 ата-ана.
#біртұтас_тәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолдау





