Skip to content

13.02.2025 жылы мұғалімдерге арналған «Заманауи ұстаз: білім беру сапасын арттырудағы…

13.02.2025 жылы мұғалімдерге арналған «Заманауи ұстаз: білім беру сапасын арттырудағы жаңа көзқарас» жобасы жоспарына сәйкес « Функционалды сауаттылық негізінде мәтіндерді түсіну, дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында оқушылардың оқу процесінде кездесетін қиындықтарын анықтау және шешу жолдары қарастырылды. Спикерлер мәтінді құрастыру формаларын ұсынды. Мәтінді грамматика, кесте түрінде көрсету жолдары, мәтіннен қалай сұрақ тапсырмалар құрылатын жолдарын көрсетті.
Мәтіндерді түсіну дағдыларын дамыту — адамның оқыған материалын терең әрі дұрыс түсіну қабілетін қалыптастыруды көздейді. Бұл дағды оқушының немесе студенттің оқу барысында маңызды рөл атқарады. Мәтіндерді түсінудің бірнеше негізгі аспектілері бар: Мазмұнды түсіну, дәлелдер мен аргументтерді анықтау, лексикалық және грамматикалық талдау,қосымша ақпаратты іздеу критикалық ойлау,тақырып бойынша пікірталас, мәтіннің құрылымын түсіну. Осы әдістерді қолдана отырып, мәтінді толықтай түсіну дағдыларын дамытуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *