17 маусым 2019 жылы мектеп жанынан "Балауса " ақшатыры лагері 1-ауысымдағы өз жұмысын бастады.2018 – 2019 оқу жылы аяқталып жаз маусымы басталды. Лагерге барлығы әлеуметтік жағдай төмен, аз қамтылған, көп балалы және мектебіміздің үздік оқушылары қатысып жатыр. 1- ауысымда 100 оқушы қамтылып отыр. Лагерь барлығы 200 баланы қамтиды. 08.30 – 17.30 аралығында жұмыс уақытында оқушыларға тәрбиешілер мен лагердің қызметкерлері әсерлі демалыс сыйлайды. Лагерь 17.06 – 07.07.2019ж аралығында 2 – топ бойынша жұмысын жүргізеді. Бала қуанышы – мемлекеттің басты мақсаты!









