Skip to content

2019 жылдың 3 шілдеден бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық…

2019 жылдың 3 шілдеден бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды.
Жетібай ауылы #8 орта мектеп ұжымы ауылымызға қарасты ірі өндіріс, мекеме, кәсіпорын, серіктестік басшыларын, жеке тұлғаларды және ізгі жүректі барлық азаматтарды балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады.
#АКЦИЯҒА#ӨЗ#ҮЛЕСІҢІЗДІ#ҚОСУ#АРҚЫЛЫ#БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ#ЖҮЗІНЕ#КҮЛКІ#СЫЙЛАҢЫЗ
#БАЙЛАНЫС#ТЕЛЕФОНДАРЫ: 
26-1-90,26-4-94

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *