2020 – 2021 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлдегер атанған "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ бір топ оқушылары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!! Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық олимпиадаға жолдама алған: 11 сынып оқушысы – Текемұрат Мирас пен 9 сынып оқушысы – Тілекбай Райгүлді; пән мұғалімі – Самамбетова Гүлпаш. Сынып жетекшілері: Ибраева Рауана мен Мұқамжарова Марта және ата – аналарына рахметімізді білдіреміз. 22 ақпан мен 05 наурыз аралығында өтетін облыстық кезеңде жүлделі орын алып, жақсы жетістікке жетуіне тілектеспіз.
География пәні бойынша жүлделі 2 орынға ие болған – 9 сынып оқушысы – Қазыбай Қымбат, 3 орынға ие болған 11 сынып оқушысы – Майлыбай Аманжан. Пән мұғалімі – Бекова Мейрамгул. Сынып жетекшілері – Ыбраева Нәзікен, Шамшадинова Сәнімгул мен ата – аналарына алғысымызды білдіреміз.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі 2 орынға ие болған – 10 сынып оқушысы: Қами Қарлығаш. Пән мұғалімі: Джиреншиева Гульмира.
Өзін – өзі тану пәні бойынша жүлделі 2 орынға ие болған – 9 сынып оқушысы: Ізтұрған Арай. Пән мүғалімі – Ыбраева Нәзікен.
Информатика пәні бойынша жүлделі 2 орынға ие болған 11 сынып оқушысы: Әбілғазы Балнұр. Пән мұғалімі: Тұрарбек Жұлдыз. Мектеп мерейін асырып, жүлделі орындарға ие болуларыңызбен… Талмас шабыт пен білім көкжиегіндегі жұмыстарыңызға табыс тілейміз!!!


