2023 жылдың 4 сәуір күні мектеп кітапханашылары мен дебат клубы жетекшісі И.Өтегенұлының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында жоспарға сәйкес “Бүгінгінің адамдары мотивациялық кітаптарға неге мұқтаж?” тақырыбындағы пікірталас сайысы өткізілді.Пікірсайысты өткізудегі мақсат:оқушылардың ой-өрісін дамыту,көшбасшылыққа баулу,іздендіру.
🎗️Пікірсайыс 2 формат бойынша өтті.
Нәтижесінде, І орынды 9 “А” сынып оқушыларынан құралған “Болашақ” тобы
ІІ орынды 8 “Г” сынып оқушыларынан құралған “Білімділер” тобы
ІІІ орынды 8”Ә” сынып оқушыларынан құралған “Good team” тобы иеленді.
🎗️Сонымен қатар, “Үздік оратор” номинациясы бойынша Өтеш Ырысбек, “Үздік аналитик” номинациясы бойынша Амангелді Алёна марапатталды.






