Skip to content

🔔2024-2025 оқу жылының аяқталуы құтты болсын! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, білім…

🔔2024-2025 оқу жылының аяқталуы құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, білім алушылар!
⚜️Бүгін- еліміздің барлық мектептерінде ерекше толғаныс пен қуанышқа толы күн. 11 жыл бойы білім алып, тынымсыз еңбек еткен оқушылар үшін үлкен өмірге қадам басатын маңызды кезең. Бүгін түлектер алдында үлкен таңдау, болашақ мамандықты дұрыс анықтау, әрі қарай білім алудың жолын белгілеу міндетті тұр.
⚜️Құрметті ұстаздар!
Оқу жылының сәтті аяқталуымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Жыл бойы шәкірттерге сапалы білім беріп, тәлім-тәрбие жолында аянбай еңбек еткен еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
⚜️Құрметті білім алушылар!
Тағы бір оқу жылын табысты аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің талпыныстарыңыз бен ізденістеріңіз, білімге деген құштарлықтарыңыз әрдайым қуантады. Әр қадамыңызда табыс пен жеңіс серік болсын! Асқақ армандарыңызға жету жолында әрдайым білім алудан жалықпай, талмай ізденіп, ел тұтқасына айналыңыздар!

Ізгі ниетпен Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *