Skip to content

21.01.2022ж мектебімізде 8-11-сынып қыздарының қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»…

21.01.2022ж мектебімізде 8-11-сынып қыздарының қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа ДТЖО, «Қызғалдақ»қыздар кеңесінің төрайымы, тәлімгерлер мен сынып жетекшілер қатысты.
Мақсаты: 🌹қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеуге;
🌹тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге;
🌹қыз балаға гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету;
🌹өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру;
🌹қыздарды инабатты, ибалы болып өсуге баулу.
Жиналыста қыздарымызға мектеп формасын қатаң сақтауды, жаман әдеттерден аулақ болуды, ұлт тәрбиесінің бастауы қыз тәрбиесі екені айтылды. Қыздар сұрақтар қойып, ойларын еркін ашып айтты. Алдағы уақытта осы бағыттағы жиналыстар өз жалғасын таба бермек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *