23.04 күні мектебімізде жас мамандар апталығы аясында “ Үйренейік, ізденейік жас маман!” атты семинар-сабақ өтті. Мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету; тәлімгер ұстаздардың іс-тәжірибесімен бөлісу. Семинар-сабақты мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары география пәні мұғалімі Бекова М. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Қалмағанбетова А. жүргізді. Жас мамандар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды орындап, тиімді әдіс-тәсілдерді үйренді.
