24 қаңтар күні мектебімізде «Маска шоу» музыкалық жобасы көрермендерге ұсынылды. Бұл жоба өткен жылы оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де арасында тез танылып, ерекше қолдауына ие болды. Осы жылы да оқушылар мен педагогтардың сұранысы бойынша аталмыш жоба болып өтті. Вокалдық додада 15 оқушы бақ сынады. Ең қызығы, қатысушылардың тұлғасы құпия сақталды. Әр өнерпаз ерекше костьюмдер мен маскаларда өнер көрсетті. Құпия қонақ ретінде мектебіміздің ұстаздары да қатысты. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген шоу өз жалғасын табады деп сенеміз.
#маскашоу
