25.02.19ж күні Жетібай ауылының № 8 орта мектебінде жерлесіміз Серікбол Қондыбай Әділбекұлын таныту мақсатында «Серікболтану» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты – Серікбол Қондыбайдың өмірін, әдеби мұраларын насихаттау. Кабинеттердің ашылуына ауыл әкімі: Қ.С.Асанов , аудандық "Нұр Отан" ХДП өкілі:Жақсыбекова Мария, аудандық "Қарақия" газеті тілшісі: Майра Қуанышбайқызы, аудандық білім бөлімі әдіскері: Қ.Айманова және ардагер ұстаз Атақаева Роза қатысты.
Аталған іс- шараға мектеп оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Өнерпаз оқушымыз 9 «а» сынып оқушысы Нұрғали Дарын " өз туындысын оқыды.




