Skip to content

📜25 қараша-10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық науқаны…

📜25 қараша-10 желтоқсан аралығында "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық науқаны негізінде зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуын тоқтатуға, сондай-ақ осы мәселеге назар аударуға арналған "Бала қатыгездігіне" ЖОҚ"дейміз" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз шығармаларында зорлық-зомбылықтың зардаптарын, адамдарға зорлық-зомбылықтың құрбандары қандай қиындықтарға тап болатынын, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бастамаларды, қайырымдылық ұйымдардың, еріктілердің және көмектесу шараларының маңыздылығын,
зорлықсыз өмір салтын насихаттайтын бейнелерді көрсетті.
🎨Байқау нәтижесінде төмендегі оқушылар:
🥇орын- 3"А" сынып оқушысы А. Қуанышқали
3"В" сынып оқушысы Н. Қуанышұлы
🥈орын- 4"В" сынып оқушысы А. Нұрхан
4"Ә" сынып оқушысы А. Құрманияз
🥉орын- 4"В" сынып оқушысы А. Сансызбай
4"Ә" сынып оқушысы Ә. Күмісқали дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаз жас суретшілерді құттықтаймыз💐

#біртұтас_тәрбие
#зорлықзомбылыққақарсы16күн

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *