Skip to content

26 тамыз күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша…

26 тамыз күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 8 ЖББМ» КММ-сінде қажетті педагог кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Қажетті бос орындарға конкурстың өтетіні жөнінде толық мағлұмат алдын ала мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Қажетті бос орындарға төменде кестеде көрсетілген пән мұғалімдері мен мамандар орналастырылды.
Іріктеу конкурсына 4 үміткер қатысты. Кандидаттарға төмендегідей талаптар қойылды:
1.Тиісті құжаттармен ((білімі туралы диплом, жеке куәлік (бар болса сертификаттар, жеке жетістіктер жинағы)) бірге Covid19-ға қарсы екпе (вакцина) алғандығы жөніндегі паспорты болуы;
2.Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларды меңгеруі;
3.Мектеп жүйесін жан-жақты дамытатын, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар болуы;
4. Педагогикалық қасиеттері мен қабілеттерінің көрініс табуы;
5. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымын босату қағидалары бойынша берілген кестедегі критерийлерге сәйкестілігі (12-қосымша )
Комиссия құрамы іріктеуге қатысқан 4 үміткерді қабылдап, жоғарыда аталған талаптарға сәйкестілігін назарға ала отырып, мынадай шешім қабылдады.

1. Дефектолог. Рахметолла Әзиза Әзизбекқызы. Тұрақты жұмысқа қабылданды.
2. Бастауыш сынып мұғалімі. Асабай Айсара Атабекқызы. Уақытша жұмысқа қабылданды.
3. Математика пәні мұғалімі. Сатаева Моншак Казтургановна. Тұрақты жұмысқа қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *