Skip to content

30 қараша 2017 жылы 8 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларының…

30 қараша 2017 жылы 8 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға өз үлесімізді қосамыз" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Ақтау қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің "Бауырлас жауынгер"ҚБ төрағасы Шаулиев Матжан Рамазанұлы, ҚР Дін мəселелерін зерттеу жəне талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мухан Исахан, Жетібай ауылының əкімі Қуаныш Асанов , Жетібай мешітінің имамы Медхажы Ибрагим жəне Қарақия аудандық жастар ресурсы орталығының маманы Аташев Абалай қатысты.Кездесу барысында оқушылар діни экстремизм мен терроризмге қатысты ақпар алды. Ауған соғысы ардагері Шаулиев Матжан Рамазанұлы, кездесудің басты мақсаты- жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру,сөйтіп кертартпарлық діни ағымдарға тосқауыл жасай білетін, білімді, сауатты, саналы жас ұрпақты тәрбиелеу екендігіне тоқталды.ҚР Дін мəселелерін зерттеу жəне талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мухан Исахан басқосуда дəстүрлі ислам мен мұсылмандықты жамылған теріс ағымдардың айырмашылығы туралы баяндап, қазіргі заманғы ислам жəне діни сауаттылықты арттыру мəселесі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар оқушыларға мазмұнды "Сириядағы сергелдең"тақырыбында бейнеролик көрсетілді.Жетібай ауылының əкімі Қуаныш Асанов кездесу соңында теріс ағым өкілдерінің сыртқы келбеті, ұстанымы мен мақсаты және қоғамға тигізер орасан зардабы жайында толық мәлімет беріп ,одан сақтанудың амал-тәсілдерін айтып өтті. #Руханижаңғыру #8мектепжастары #жетібайауылы👍

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *