🏫 "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19мамыр күні оқу жылының аяқталуына орай 1-4 сынып оқушыларына "Таза Қазақстан" тақырыбында эссе байқауына жұмыстар жүргізілді.
Байқаудың мақсаты:
✍️Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру—балаларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
✍️Шығармашылық қабілеттерін дамыту—эссе жазу арқылы оқушылардың ойлау, жазу және өзін еркін білдіру дағдыларын жетілдіру.
✍️Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту—жас ұрпақтың бойында туған өлкесіне, Қазақстан табиғатына деген құрмет пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Қамтылған оқушы саны: 282
#тазақазақстан
#білімімотаныма

