📜"№8 жалпы білім беретін мектеп "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жыл 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбында 8-сынып оқушылары арасында ұлттар сайысы ұйымдастырылды.
📜Сайыс мақсаты: оқушыларды еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру, ұлтаралық татулық пен достықты дәріптеу.
📜Сайыс барысында әр сынып өздеріне берілген ұлттың өкілі ретінде өнер көрсетіп, ұлттық киімдерін таныстырып, салт-дәстүрлері мен тағамдарын насихаттады. Сонымен қатар, ұлттық би, ән және көріністер ұсынылып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.
📜Сайыс нәтижесінде
Бас жүлде 8"Ә" сынып
🥇8"В" сынып
🥈8"А" сынып
🥉8"Б"сынып марапатталды💐
#1мамыр
#біртұтас_тәрбие
#біршаңырақастында
