🏫"№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз деп ойлама, ғаламтормен ойнама!" тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.
🔹Көрмеде оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерін сурет арқылы жеткізді. Әр сурет – ғаламторда абай болудың, саналы пайдаланудың және өзіңді қорғаудың маңызын көрсетеді.
Оқушылар өз ойларын түрлі түстермен, белгілермен, кейіпкерлермен бейнелеп, цифрлық әлемдегі қауіп-қатерлер туралы ескерту жасайды.
🔹Мақсаты: оқушыларға ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерін үйрету, олардың киберқауіптерден қорғану дағдыларын қалыптастыру және ғаламторды жауапкершілікпен қолдану мәдениетін дамыту.
Ғаламтор – досың ба, әлде дұшпаның ба – оны қалай пайдаланатыныңа байланысты.
#біртұтас_тәрбие
#қауіпсізғаламтор
