Skip to content

📜«№8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерте жүктіліктің…

📜«№8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сынып оқушылары, мектеп психологы-Калиева З, әлеуметтік педагог-Шотова Ф, және мектеп медбикесі Т. Досова, Жетібай ауруханасынан арнайы шақыртумен акушер-гинеколог Д. Мырзакулова, СӨСҚ медбикесі Ф. Дауылбаева қатысумен кездесу ұйымдастырылды.
⚜️Кездесу барысында оқушыларға ерте жүктіліктің жасөспірімдердің денсаулығына, психологиялық жай-күйіне, білім алуына және болашақ өміріне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын ұстану тақырыптарында ашық әңгіме жүргізілді.
⚜️Мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, олардың бойында өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және саналы өмірлік таңдау жасауға тәрбиелеу.

#біртұтастәрбие
#ертежүктіліктіңалдын алу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *