№8 ЖББМ «Бала кауіпсіздігі- басты назарда» 2 қазан күні мектебімізде «Бала қауіпсіздігі- басты назарда» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналарға әр баланың қауіпсіздігі ата-ана үшін де, сынып жетекшілер үшінде басты назарда екендігі айтылды. Бейнероликтерді пайдалана отырып, балалардың жол қауіпсіздік ережелерін сақтауын, көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың түсу фактілеріне жол бермеу,қазіргі таңда балалар арасында белең алып отырған «Жүгіріп өт немесе өл» ойыны балаларға қауіпті екені жөнінде айтылды. Сонымен қатар оқушылардың үй мен мектеп арасында жүретін көшелерін, қиылыстарында қауіптің бар жоғын анықтап біліп, қауіпсіз орындармен жүру сызбасын сызып беруді тапсырды.
Мектеп психологы Бердібекова А. «зорлық-зомбылық» «буллинг» суицид тақырыбында әңгіме өрбітті. Ата-аналар балалардың бос уақытын тиімді өткізуді жоспарлау, телефон смартфондарды көп қолдануға рұқсат бермеу керектігі жөнінде айтылды.




