Skip to content

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша «Колледж бе…

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша «Колледж бе әлде университет пе?» атты жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; орта және жоғарғы оқу орындардың айырмашылықтарын атап, дұрыс таңдау жасауға көмектесу.
Жиналыс барысында қамтылған тақырыптар:
• Мамандық таңдаудың маңыздылығы
• Колледжде білім алудың артықшылықтары мен кемшіліктері
• ЖОО-да білім алудың артықшылықтары, тиімсіз тұстары
• Колледжге оқуға тапсыру құжаттары және ережесі
• Жатақханалардың жай-күйі
• Маңғыстау облысының 23 орта арнаулы оқу орындарының тізімдері мен оқу бағдарламалары
Жиналыс соңында, Маңғыстау облысының колледждерінің брошюралары оқушыларға таратылып, педагог-кәсіптік бағдарлаушы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *