?ҰлыЖеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде ұстаздар арасында дәстүрлі «Мерген ару — 2025» сайысы ұйымдастырылды.
?Сайыс салауатты өмір салтын насихаттау, нәзік жандылардың физикалық дайындығын және мергендік қабілеттерін шыңдау мақсатында өткізілді.
?Сайыс барысында қатысушылар нысана көздеу, дәлдікке ату бойынша бақтарын сынады. Сонымен қатар, сайысқа қатысушылардың шапшаңдығы, төзімділігі және командалық рухы да бағаланды.
✨Сайыс нәтижесінде үздік шыққан арулар:
?орын Азар Рысты (эстетика бірлестігі)
?орын Үсекенова Айнұр (математика және информатика бірлестігі)
?орын Көмек Жансая (ағылшын пән бірлестігі) құттықтаймыз?
#ұлыжеңіске80жыл
#біртұтастәрбие
