🏫2025 жыл сәуір айының 29 күні "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
🔸Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, психолог және оқушылар қатысты.
🔸Жиналыс барысында Қарақия ауданы ПБ Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты И. Куандыкова, полиция лейтенанттары А. Нурмағамбетов, А. Рзахожаевтың баяндамаларында оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп сақтау, мектеп ішіндегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін сонымен қатар құқық бұзушылықтың себептері мен оны болдырмау жолдарын нақты мысалдар арқылы заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
📢Қатаң ескертеді
📌Көлікпен кортеж ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
📌Пикник (паход), табиғат аясына немесе қаладан тыс жерлерге рұқсатсыз шығуға болмайды.
📌Сабақтан кешікпеу.
📌Мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну.
📌Зиянды әрекеттерден аулақ болу.
#құқықбұзушылықтың_алдын_алу
#заңжәнетәртіп
