Skip to content

?2025 жылы сәуір айының 29 жұлдызы күні “№8 жалпы білім…

?2025 жылы сәуір айының 29 жұлдызы күні "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6-сыныптар арасында "Жеңіс жаңғырығы" тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
?Мақсаты – оқушыларға Ұлы Жеңіс күнінің тарихи маңызын түсіндіру, патриоттық сезімдерін ояту, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және өз көзқарасын еркін білдіруге мүмкіндік беру.
?Пікірсайысқа әр сыныптан бір команда қатысып, олар Жеңіс күнінің қазіргі қоғамдағы маңызы, жастардың Отан алдындағы борышы, бейбітшіліктің құндылығы сияқты тақырыптарда өз ой-пікірлерін ортаға салды.
?Шара барысында оқушылар тартысты пікірталас жүргізіп, өзара сыйластық пен тыңдау мәдениетін көрсетті. Қазылар алқасы оқушылардың сөйлеу мәдениеті, дәлелдеме келтіруі және командалық жұмысын бағалап
төмендегідей жеңімпаз командаларды марапаттады?
Бас жүлде 6"А" сынып "Ғалымдар" тобы
? 6"Г" сынып "Қыран" тобы
? 6"Ә"сынып "Жалын" тобы
? 6"В" сынып "Сұңқар" тобы

"Үздік спикер" Лескен Бекарыс

Құттықтаймыз?

#пікірталассайыс
#жеңісжаңғырығы

Пікірсайыс оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *