Skip to content

🏥2025 жылдың 16 сәуір күні Жетібай ауылының 9-сынып оқушылары кәсіптік…

🏥2025 жылдың 16 сәуір күні Жетібай ауылының 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Жетібай ауылдық емханасына» саяхат жасады. Сапардың мақсаты – оқушыларға медицина саласы туралы мағлұмат беру, дәрігерлердің жұмысымен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
🩺Саяхат барысында оқушылар емхананың негізгі бөлімдерімен, атап айтқанда, тіркеу бөлімі, терапия, педиатрия, рентген,фтизиатр кабинеттерімен танысты. Дәрігерлер мен мейірбикелер өз жұмыстары туралы түсінік беріп, медицина мамандығына қызығушылық танытқан оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
👩‍⚕️👨‍⚕️Оқушылар бұл іс-шарадан көптеген жаңа мәліметтер алып, өз болашағына қатысты ой түйді. Кәсіптік бағдар беру саяхаты оқушыларға мол әсер қалдырды.

#мамандықәлемі
#кәсіптікбағдар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *