«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» балалар мен жасөспірімдер арасында сурет байқауы 🎨
Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында Қарақия аудандық «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» балалар мен жасөспірімдер арасында сурет байқауы өткізілді. Байқауға 9-16 жас аралығындағы 102 оқушы қатысып, 116 туындысын байқауға ұсынды.
Әділ қазылар алқасы 30 сәуірге дейін «Әділетті Қазақстан!» ,«Сыбайлас жемқорлықсыз әлем», «Адал азамат», «Парасатты отбасы» номинациялары бойынша үздік салынған туындыларды анықтайды.
@karakia_bilim_bolimi
