?? 25 Қазан – Республика күні! ??
Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында
? «Менің Қазақстаным!» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. ?
Оқушылар өз суреттерінде еліміздің әсем табиғатын, көгілдір туымызды, бейбіт өмір мен бірлікті бейнеледі. ?️
Әрбір суреттен – мақтаныш, қуаныш пен патриоттық сезім байқалды.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – осындай өнерлі де отансүйгіш балалардың қолында!
#РеспубликаКүні #25қазан #МеніңҚазақстаным #СуретБайқауы
