27.02.2025 жылы мұғалімдерге арналған «Заманауи ұстаз: білім беру сапасын арттырудағы жаңа көзқарас» жобасы жоспарына сәйкес “Функционалды сауаттылық негізгі аспектілері “ тақырыбында семинар өткізілді.
Функционалды сауаттылық — бұл адамның күнделікті өмірде қажетті ақпаратты тиімді іздеп, талдай білуі және оны практикалық тұрғыда қолдана алу қабілеті.
Жаратылыстану сауаттылығы — бұл адамның табиғаттану, ғылым және технология салаларындағы негізгі ұғымдар мен принциптерді түсіну және күнделікті өмірде қолдана білу қабілеті.
Барлық осы аспектілер жеке адамның әлеуметтік және кәсіби өмірінде тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі.
