20.02.2025 жылы мұғалімдерге арналған «Заманауи ұстаз: білім беру сапасын арттырудағы жаңа көзқарас» жобасы жоспарына сәйкес « Функционалды сауаттылық негізінде цифрлық құралдар мен ресурстарды қолдану » тақырыбында семинар өтті. Барлық спикерлер өзінің сабақ үстінде қолданатын, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытатын , жетістікке жететін әдіс- тәсілдерімен бөлісті.
Цифрлық құралдар мен ресурстарды қолдану қазіргі қоғамда кеңінен таралған және күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Олар білім алу, жұмыс істеу, ақпарат алмасу, шығармашылықпен айналысу және тағы басқа көптеген қызметтерді жеңілдетеді.
Цифрлық құралдар мен ресурстардың артықшылығы:
Уақыт үнемдеу: Қажетті ақпаратты интернет арқылы жылдам табуға болады.
Қолжетімділік: Жоғары сапалы білім мен ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі.
Өнімділікті арттыру: Цифрлық құралдар жұмыс процесін жеңілдетіп, тиімділікті арттырады.
Коммуникацияны жақсарту: Әлеуметтік желілер мен хабарламалар арқылы байланыс жасау оңай.
