“ОТПАН” жобасы аясындағы семинар ⛰️🔭🔬
Мектебімізде “Отпан” жобасы бойынша жеткізілген құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану мақсатында үш күндік семинарымыз сәтті өтті✨
Семинар барысында қатысушылар жаңа инновациялық датчиктермен танысып, олардың зертханалық жұмыстарда қалай тиімді пайдаланылатынын көріп, тәжірибе алды. 🧑🔬🔍
Бұл семинар:
🧪Жоғары технологиялық датчиктерді қолдану мүмкіндіктерін көрсетті
🧪Зертханалық тәжірибелерді оңтайландыруға арналған кеңестер берілді
🧪Оқу және ғылыми жұмыстарда тиімді құралдарды қолдану әдістері талқыланды
🧪Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жаңашыл жабдықтарды қалай пайдалану керектігін үйренді!
Сонымен қатар STEAM және Робототехника, технология, АРТ кабинеттерінің жаңа құралдар мен технологияларын тиімді пайдалану жолдары таныстырылды! 🤖🔧
✨STEAM бағытындағы білім беруде қолданылатын құралдар мен жабдықтар туралы толық мәлімет алдық
✨Робототехника кабинеттерінде роботтарды құрастыру мен бағдарламалаудың негіздері көрсетілді
✨Қатысушылар практикалық жаттығулар жасап, құралдарды қолдану дағдыларын шыңдады
Бұл семинар ғылым, техника және шығармашылықты үйлестіруге қызығушылық танытқандар үшін керемет мүмкіндік болды! 💡
#Phywe #Датчиктер #ЗертханалықҚұралдар #ҒылымиТехнологиялар #Семинар #Инновация #Білім
