🏫2025жыл 2 мамыр күні «Біз спортты таңдаймыз!» ұранымен мектебіміздің жас мамандарының қатысуымен спорттық эстафета өткізілді.
Эстафета барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтті: жылдамдықпен жүгіру, кедергілерден секіру және командалық ойындар.
Эстафета соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жарысқа қатысқан барлық жас мамандарға алғысымызды білдіреміз. Эстафетаны ұйымдастырушы: мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Сағынышов Айбек.
