Skip to content

⚜️2025 жыл 5 “Ә” сыныбында сынып жетекшісі Калмағамбетова Айкүмістің ұйымдастыруымен…

⚜️2025 жыл 5 "Ә" сыныбында сынып жетекшісі Калмағамбетова Айкүмістің ұйымдастыруымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының шеңберінде «Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
⚜️Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген қатынасты қалыптастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеппен байланысты нығайту болды.
📝Кездесу барысында келесі мәселелер қозғалды:
Сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы;
Бала тәрбиесіндегі отбасылық тәрбие мен қолдаудың рөлі;
Қиын жағдайларда ата-ана мен баланың байланысын сақтаудың жолдары;
Мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті дамыту.
⚜️Сынып жетекшісі ата-аналарға бала психологиясына байланысты қатысты пайдалы кеңестер беріп, жағдаятты сұрақтар арқылы пікір алмасу ұйымдастырды. Ата-аналар өз ойларымен, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

#атааналарыпедагогикалыққолдау
#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *