Skip to content

⚜️Бүгін біздің мектеп үшін ерекше күн! 🎉🎊Мерейлі мектебіміздің мәртебесін көкке…

⚜️Бүгін біздің мектеп үшін ерекше күн! 🎉🎊Мерейлі мектебіміздің мәртебесін көкке көтерер жағымды жетістікке жеткен қос оқушымыз ортамызға толағай табыспен оралған күн! ✨
Болашаққа біліммен қанат қағар, ғылым сырының тұңғиығына үңілген, математикалық білім сатысын жоғары деңгейде меңгерген, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика пәні бойынша жеңімпаз Тәжібай Қырымбек пен география пәнінен қатысушы Мүсір Исламды мектеп ұжымы көтеріңкі көңіл- күймен қарсы алды. Қажырлы еңбек, дәйекті дайындық, жүйелі жұмыс, талапкерлігі пен терең білімінің нәтижесінде шәкірттерін жеңімпаздар мінберіне шығарған, математика пәні мұғалімі Үсекенова Айнұр Тахирқызын, жаратылыстану пәні бойынша Тәжібаева Ұлжан Ерланқызы қос шәкіртімен мереке мәртебесін сезінуде. Жас дарындарды, үздік шәкірттерді құттықтау үшін сөз кезегін алған
Қарақия аудандық білім бөлімі басшысы Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы мектеп ұжымын құттықтай отырып, аудан әкімінің Алғыс хаттарын жеңімпаз оқушы мен ұстазына, ата-аналарына табыстады. Мерекенің көрігін қыздырған аудан әкімдігінің тағайындаған “Жеңімпаз шәкіртақысы” болды. Қаржылай сыйлық алған оқушыға қызыға қараған әр шәкірттің білімге ұмтылысын оятар мотивация берген, шәкіртін жетелеген ұстазға шабыт берер сәт болды. 💫🌟
@karakia_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *