Жарайсың,Чемпион!🏆
Бүгінгі күннің басты кейіпкері – Азия және Әлем чемпионатына іріктеу болып табылатын Қазақстан Республикасының чемпионатында 219 боксшының ішінен топ жарып, 50кг салмақ дәрежесінде чемпион боп жеңімпаз атанған, біріншіліктің «Ең үздік боксшысы», ауылымыздағы білікті бапкері Дулатов Рысбектің шәкірті, жақсы оқитын үлгілі оқушымыз Расул Халиф Сәрсенұлы!
«Елім барда, ерлік бар мақтанатын,
Ерлік барда, намыс бар сақталатын,
Намыс барда, жеңіс бар жетелейтін,
Жеңіс барда, елім бар еркелейтін» дегендей, еліңе жеңіс туын жалаулатып, еркелей келгенде, тұғырың болған төл мектебің ыстық ұяңа үлкен белесті бағындырып, жоғары жүлдені алып келген шәкіртімізді құттықтаймыз.
@karakia_bilim_bolimi @karakia_akimdigi



