Мектебімізде 04.11-05.11 күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып, 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.Олимпиадаға 132 оқушы қатысты.📝
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау.🖇️
Олимпиада ережесіне сәйкес бекітілген комиссия құрамы оқушы жұмыстарын тексеріп, әр пән бойынша жоғары ұпай жинаған 5-6 сынып аралығында 12 оқушы, 7-8 сынып аралығында 20 оқушы аудандық кезеңге өтті.
Аудандық кезең қатысушыларына сәттілік тілейміз!📚
@karakia_bilim_bolimi




