Skip to content

Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша “№8 жалпы білім беретін мектеп”…

Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2024-2025 оқу жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қыркүйек айы іс-шара жоспарына сәйкес "уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру" бағытында "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында жалпыатаналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста:
1. 2023-2024 оқу жылы есебі, білім беру ұйымының жетістіктері
2. Жас мамандармен таныстыру
3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары
4. Оқушы ережесі
5. Ата-аналар комитеті құрамы мәселелері қарастырылды.
Мектепішілік жиналыстан кейін, сынып жетекшілер тарапынан ата-аналармен тренинг бағытында әңгімелесу сағаттары өткізілді.
Барлығы: 50 сынып жетекші, әлеуметтік педагог, медбике, директор орынбасарлары, тәлімгер және 1-11 сынып ата-аналары (207) қатысты.
#birtutas_tarbie
#атааналардықолдаупедагогикалықорталығы
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@iskalievaakbope
@orken_instituty

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *