🏫2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар!
Мектеп формасы – баршаға ортақ. Мектеп формасы – бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі бала көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, 2024-2025 оқу жылы мектеп формасына қойылатын талаптар үшін негізге алынады. Білім беру ұйымы оқытудың зайырлы сипаты болып табылады. 2024-2025 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын төмендегі негізде назарларыңызға ұсынады.
👨💻Ұлдардың мектеп формасы:
қара-көк түсті(темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;
👩💻Қыздардың мектеп формасы:
қара көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Ақ бантик міндетті.
✅Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық трико, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовки, кеды) тұрады.
📌Ескерту!
Мектеп формасына түрлі аксессуарлар, джинсы, слакси шалбар, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Кроссовки, кеды секілді аяқ киімдер ☝тек дене шынықтыру сабағында ғана киюге рұқсат етіледі.
Мектеп әкімшілігі.
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
#біртұтас_тәрбие
#мектепформасы

