«AMANAT» партиясы мен «Daryn Ustaz» орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасы бойынша іс-шара Ақтау қаласында өтті. Жиынға партия филиалының қызметкерлері, жергілікті білім мекемелерінің басшылары, әдістемелік орталықтардың мамандары мен мұғалімдер қатысты.
Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жасанды интеллект дәуірінде барлық салада алдыңғы қатарда болудың, цифрлық қоғам құрудың маңызын атап өтіп, ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттерді баяндады. Филиал төрағасы сонымен қатар «AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» жобасы бойынша азаматтардың сауаттылығын және қауіпсіздігін арттыруды қолға алғандығын жеткізді.
Жобаның негізгі мақсаты – мұғалімдерге арналған тегін онлайн курс ұйымдастыру, білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын пайдалану жолдарын көрсету, сонымен қатар ұстаздардың цифрлық сауаттылығын арттыру.
«Daryn Online» компаниясының бас директоры Ай
