“№8 ЖББМ” КММ-де мектеп жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтіп, бірінші ауысым өз жұмысын бастады.
Ақшатырға аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары және үздік оқушылар қабылданды.
Бірінші ауысым бойынша барлығы 50 оқушы қамтылып отыр.
Мерекелік іс-шарада лагерде демалушы балалар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, сүйікті кейіпкерлері келіп, балалармен бірге би билеп, ән айтып көңілдерін көтерді.
✅Балалардың бір-бірімен танысып, бірлікте болуы үшін әртүрлі ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылды.
🙌🏻 Іс-шара соңында балмұздақ үлестіріліп,балалар билеп, риза болды.
