📢 ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІ МЕН АТА-АНАЛАР!
📌 Сіздер үшін 13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтеді.
📎 Көрмеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және т.б. сияқты Қазақстанның жетекші университеттері қатысады.
📚«Грант түрлері және талапкердің жол картасы» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру семинарында кәсіптік бағдар беруші Айдос Жұманазар, «Tarih mektebi» негізін қалаушы Оразбек Әбсаттар, «Kzchemistry» негізін қалаушы Бауыржан Бақытжанұлы, «JOO High School» мектептер желісінің кәсіби бағдаршысы Диас Асанов сөз сөйлейді.
📍Ақтауда сіздерді 13 мамыр күні Оқушылар сарайы, 17-шағын ауданы, 13/1 мекенжайы бойынша күтеміз.
🖋️Тіркеу 09.00-ден 10.00-ге дейін.
📍Ал Жаңаөзенде көрме 14 мамыр күні Мәдениет үйі, 3А шағын ауданы, 1в мекен-жайы бойынша өтеді.
🖋️Тіркеу 09.00-ден 10.00-ге дейін.


