🎓 Мектебіміздің әдіскері Чапай Алмагул Аманбекқызы “Мектеп дамуының жаңа бағыты: жаңашыл жобалар және әдістемелік трансформация” тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, тың тәжірибе мен өзекті ақпараттар алып қайтты.
Семинардан кейін әдіскеріміз мектеп ұстаздарымен кері байланыс жүргізіп, келесі маңызды бағыттар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын өткізді:
🔹 Авторлық бағдарлама әзірлеу ерекшеліктері
🔹 Авторлық бағдарламаның маңыздылығы мен артықшылықтары
🔹 Педагогтарды аттестаттау алгоритмі және оның кезеңдері
🔹 Жаңашыл жобаларды мектеп дамуына енгізу жолдары
Бұл ақпараттар мұғалімдеріміздің кәсіби дамуына, әдістемелік жұмыс сапасын арттыруға үлкен серпін берді.
📹 Төменде семинардан кейінгі әдіскеріміздің түсіндіру сәтінен бейнежазбаны ұсынамыз.
Қосымша білім алу – дамудың жаңа мүмкіндігі! 🌱
#ӘдістемелікҚолдау #ОблыстықСеминар #МектепДамуы #ЖаңашылЖобалар #АвторлықБағдарлама #ПедагогДамуы
