2024 жылдың 14 наурыз күні Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Республикалық шахмат олимпиадасының екінші (аудандық) кезеңі өткізілді.
Шахмат жарысына ауданға қарасты білім беру ұйымдарынан барлығы 45 оқушы қатысты .
Мектебімізден 9 оқушы қатысқан болатын , сондай-ақ екі оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды атап айтатын болсақ :
5-8 сыныптар арасынан Тұрар Айару I-орынға ие болып, облысқа жолдама алды . Жетекшісі : Шагиров Қуаныш
Сонымен қатар 9-11 сыныптар арасынан Қабыл Нұрдәулет II -орынға ие болып облысқа жолдама алды .
Жетекшісі : Баданов Нәби
Облыстық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз🌷🌷
