⚜️Мектебімізде халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі – өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым – қатынасты нығайту мақсатында «Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы ұйымдастырылды.
⚜️Аталмыш сайыс 5 кезеңді қамтыды. Атап айтқанда:
1. «Сәлеммен басталар сөз атасы.» ( Таныстыру)
2. «Зерделінің- ойы озық» (салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап)
3. «Өнерлінің өрісі кең» (өз өнерлерін көрсету)
4. «Жеңгесі бар қандай-ды» (салт-дәстүрге байланысты көрініс)
5. «Бармағынан бал тамған» (мерекелік тағам дайындау)
Атаулы шараға тәжірибелі, көпті көрген, айтары мол ұстаздар қатысып, қатысушыларға өзінің игі тілегімен бірге әділ бағасын да берді.
5 кезеңді қамтыған сайыс барысында барлығынан өзінің өнерімен оза шапқан «Сырғалым» тобы үздік деп танылып, жүлделі орынды иеленсе, 2-орын «Үкілім» тобының иелігіне бұйырса, 3-орынды «Көзмоншағым» тобы қанжығасына байлады.
Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі дәріптелген байқаудан қатысушылар да көрермендер де жақсы әсер алып тарасты.
#біртұтас_тәрбие
#жеңгелермектебі
#жеңгеменқайынсіңлі
