Skip to content

Мектебімізде мұғалімдерімізге арналған “Менің сүйікті мамандығым” тақырыбындағы тренинг өткізілді. Тренинг…

Мектебімізде мұғалімдерімізге арналған “Менің сүйікті мамандығым” тақырыбындағы тренинг өткізілді.
Тренинг “ерекше сәлемдесу” жаттығуымен басталды.”Жас мамандар” мен “Тәжірибиелі ұстаздар” атауымен екі топ құрылып ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойындар ойнатылып сайысқа да түсіп үлгерді.

🔹Атап айтар болсақ, “Баға” жаттығуы кезеңінде үлгі боларлықтай жағдайлар суреттеліп ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Тренинг соңын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жиреншиева Жанар Айтқалиқызы мотивациялық бейнеролигімен қорытындылады.

🔹Ұстаздар тренингтен алған керемет әсерлерін кері байланыс қағаздарына жазып қана қоймай, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды🙌🏻

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *