Skip to content

«№8 ЖББМ» КММ-де «DosboLike: достық қолын ұсын» акциясы аясында «Досы…

«№8 ЖББМ» КММ-де «DosboLike: достық қолын ұсын» акциясы аясында «Досы көпті жау алмайды» тақырыбында сахналық қойылым бойынша сайыс өткізілді. Сайыс қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісінде сахналанды.
Сахналық қойылымды ұйымдастырушылар оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсаттарын негізге алды. Аталмыш сайыс оқушыларының театрға деген қызығушылығы өте жоғары екендігінің тағы да бір дәлелі. Әрбір кейіпкердің рөлдерін сомдауға барын салып, кейіпкердің образын ашуға тырысты. Іс-шара соңында жас әртістеріміз арнайы жүлделі орындармен марапатталды.
🏆Бас жүлде 7 “Ә” сыныбы
🥇I орын 7 “Б” сыныбы
🥈II орын 7”В” сыныбы
🥉III орын 7 “А” сыныбы

Жауапты маман:
педагог-ұйымдастырушы
Есиркепов И.

#DosbolLIKE
#біртұтас_тәрбие
#балалартеатры

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *