📜23.01 күні “Ар-намыс керек қыз балаға” тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
🖇Жиналыс 5-11 сынып қыз балаларын қамтыды. Аталмыш шараны "Аналар" кеңесінің төрайымы А.А. Балмағамбетова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
🖇 “Қызғалдақ” қыздар ұйымының төрайымы А.Қ. Қожалыкова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.
🖇Мектеп медбикесі Н. Рысгүл қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады.
🖇Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
#біртұтас_тәрбие
#қызғалдаққыздарұйымы
#аналаркеңесі
