2024 жылдың қаңтар айының 5 жұлдызында “№8 ЖББМ”КММ-де “Баланың басты ұстазы ата-ана” тақырыбындағы педконсилиум (ата аналардың пән мұғалімдерімен кездесуі) өткізілді.
📜Ата- аналар жиналысының мақсаты:ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым-қатынастың тиімді моделдерін іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамтыу, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.
📜Ата- аналарының жиналысының міндеттері:
•ата – ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;
•өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;
•көңіл – күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
✅Аталмыш, ашық есік күнінде әр пән бойынша кабинеттер дайындалып, ата-аналармен еркін сұхбат жүргізуге жағдай жасалды.





